МұхШЕР. КЕШІРІҢІЗ, СОТТАЛҒАНСЫЗ БА? (Фельетон)

0

6e3124Сотталғандарға сызылып қарауымыз керек, өйткені, олар «өмір» көрді ғой… Сондықтан, сотталған мырзаларды сүмірейтпей, жоғары шенді қызметтер ұсынуымыз керек… Мәселен,

қанішер біреу сотталып келсе, оны аудан әкімі етіп жіберсек… Жиналысы қалай болар екен-ей? Оқуды жалғастыру

Advertisements

БАС БӘЙГЕ- МҰХТАР ШЕРІМДЕ!

0

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты, жазушы-муххх2сықақшы, Республикалық «Ара» газетінің арнаулы тілшісі Мұхтар Шерім көрнекті сатирик, қоғам қайраткері, шымшыма шебері Шона Смаханұлының  90 жылдық мерейтойына орай өткен «Шоқ тілді Шона» атты фельетоншылар бәйгесінің бас жүлдесімен марапатталды.

ЕШТЕҢЕ САТПАЙМЫН!

 (Қисық хабарландырулар)
     Биыл қыс болмайды. Өйткені биыл жаууға тиісті қарды облыс әкімі жеп қойыпты…
ххх
Бұдан былай МАЙ инспекторларына аспандағы ұшақтарды тоқтатуға құқық беріледі. МАЙ инспекторлары ұшқыштардан қалай пара алудың жолдарын қарастырып жатқан көрінеді… Оқуды жалғастыру

АЙЛЫҒЫҢЫЗ ҚАНША?

0

Сіздің бетіңіз қалай өзі? Бірдеңе бүлдірсеңіз, бүлк ете қалады ма? Жыбырламайды да ма? Павлодар облысындағы fhgdfмедициналық диагностика орталығының директоры Тоқтамыс Тоқбергеновтың (белгілі себептерге бай­ланыс­ты аты– жөні өзгертіліп алынды) беті 1,5 сантиметр қалың дейді. Қалы–ың болған соң, беті ұяттан  қызармайды дейді.

Бір күні Тоқтамыс Тоқбергенов   жүргіншілер көп өтетін жол шетіне жұмсақ креслосын шығартып, үстіне отырды да, Оқуды жалғастыру

ТҰМАУ ТҮСІНІК (Фельетон)

0

images (24)

Менің түсінік беру себебім, өхе… Кешіріңіз, «Ара» мырза, құдай ұрып, аш қасқырдай «ұлып» қалған соң, көксау ешкідей кекірейіп, жөтеле береді екенсің…

Мен Қостанай қалалық жол полициясы тіркеу–емтихандық бөлімінің аға инспекторы Марат Ахметов осы түсінікті жаза отырып, қатты жөтеліп, қатты өкінетінімді білдіремін…  Өхе… кешіріңіздер… Айыпты болған соң, «айқайлап» жөтеле береді екенсің… Осы бөлімшенің аға инстпекторы Жеңіс Әбілхайыров екеуміз «нанға май жағып жеуге» уағдаластық. Аштан өліп бара жатқан жоқпыз әрине… Оқуды жалғастыру

«БИЗНЕС» БАТА (Фельетон)

0

images (31)Құдай басқа салмасын, Қарағанды облысына «тайфун» дауылы келді… Дауыл ел–жұртты қиратып кетуші еді ғой, бұл жолы олай бола қойған жоқ,  тек бұрынғы облыс әкімі Бауыржан Әбдішевті, бұрынғы қала әкімі Мейрам Смағұловты, бұрынғы қалалық жер бөлімінің басшысы Ернар Дәрібековті доптай домалатып әкетті де, ия, ия, отырған креслоларымен жұлып әкетіп, а–а–айдалаға апарып тастады.  Үшеуі де бірінен соң бірі тақыр жерге тақ– тақ етісіп, түсе қалысты.  Үшеуі де сәл–пәл қисайып қалған жұмсақ креслоларына барып жайғасты. Айран жалаған жетімдердей бір–біріне қарасты. Ерекең  жыламсырады. Баукең «Не боп кетті өзі?» дегендей басын сипап, галстугын түзеп қойды. Мейрекең шаң басқан бетін түкіріктеп сүртіп жатыр. Оқуды жалғастыру

«ЖЫНДЫ» ЖАҢАЛЫҚТАР

0

gsgfds СЕКІРЕЙІН ДЕП ҚАЛДЫ…

Секірейін, секірейін деп қалды…  Секіргенде, арықтан, өзеннен, мұхиттың үстінен секірейін деп қалған жоқ. Теміртау қаласының тұрғыны Серік Жарынов стадионның биік мұнарасына шығып алып шешінді. Киімдерін айтамын да. «Ища–ай!» деп қайтадан киініп алды. Айқайлады. Секіріп кетпек болды.

Сөйтсек бар ғой, Жарынов «жар» басынан бекерден–бекер секіргелі жатқан жоқ екен… Қанат есімді полиция қызметкері Оқуды жалғастыру

«ИМИДЖ» ҒОЙ…

0

–Құрметті көрермен, бүгін облыстық мәслихаттың депутаты, облыс жұрты танымайтын, көп сөйлемейтін, сөйлегісі де келмейтін, мәслихатта неғып жүргенін өзі де білмейтін Мақаубек Көлеңкебайұлымен сұхбаттасып отыр­мыз.100372354_deputat

–Мақаубек  мырза, сіз өзі қалай депутат болып жүрсіз?

–Соны өзім де білмеймін. Жылда Жаңа жылда достарыммен моншаға баратынбыз. Әуелі сарысын іштік, соңынан ағын іштік, сөйтсем, мен мас болып, ұйықтап жатқанымда, достарым сыртымнан депутат етіп сайлап жіберіпті!

–Облыстық мәслихаттың депутаты болған қандай екен? Оқуды жалғастыру