«ИМИДЖ» ҒОЙ…

0

–Құрметті көрермен, бүгін облыстық мәслихаттың депутаты, облыс жұрты танымайтын, көп сөйлемейтін, сөйлегісі де келмейтін, мәслихатта неғып жүргенін өзі де білмейтін Мақаубек Көлеңкебайұлымен сұхбаттасып отыр­мыз.100372354_deputat

–Мақаубек  мырза, сіз өзі қалай депутат болып жүрсіз?

–Соны өзім де білмеймін. Жылда Жаңа жылда достарыммен моншаға баратынбыз. Әуелі сарысын іштік, соңынан ағын іштік, сөйтсем, мен мас болып, ұйықтап жатқанымда, достарым сыртымнан депутат етіп сайлап жіберіпті!

–Облыстық мәслихаттың депутаты болған қандай екен? Оқуды жалғастыру

ҚОЛХАТ

0

Өлә-ә, мені Шымкенттен Жетісайға алып қашты ғой! Мықтыбек ағайдың  көршісінің баласы. Үйге кірісімен, қол хат жаздыртып алды. Сол қол хатымды «Фейсбукке» жазып отырмын… Сонымен… (Мына фотоның әзілге қатысы жоқ. Көрнекі құрал ғана… Автор.)Aselya

ҚОЛХАТ…

 Маханя, паханя! Мен қыздарыңыз–Желікгүл Байсұрағановамын ғой. Мам, «Не құдай алмайды, не бай алмайды!» деп ұрысушы едің, енді міне «зың» кетіп қалдым! Оқуды жалғастыру

ЖЕМЕСЕҢ, ЖЕР ТІСТЕ…

0

 –Жемқорлар–вирустар, антвирус–«Нұр Отан» деп айтатындар қатты қателеседі. Қазақстанда соңғы бес жылда бірде бір тірі, ірі шенеунік жемқор қалмады! Біз оларды сағынатын болдық! Жемқорлар «қызыл кітапқа» кірді… КОЛЛАЖ ЖЕМЕСЕҢ ЖЕР ТИСТЕТәуелсіз ел бола тұрып, өз жемқорларымыздың жоқтығы–елдігімізге сын…

    Астанада, «Конгресс холда» Дүние жүзі жемқорларының құрылтайы өтіп жатыр. Мінберге шықққан ардагер жемқорлар жарыс сөзге жылай шығады.

–Не деген масқара? Жемқорлар болмаса, кеше таратылған финпол кімдермен күресіп келді?  Оқуды жалғастыру

«ШПИОН» БОЛАСЫҢ…

0

Кабинетінде керіліп, сөйлеуге ерініп, ернін тістелеп отырған Маңғыстау облыстық салық департаменті аудит басқармасының басшысы Серікқали Ахметалиев түшкіріп қалды да, өзіне– өзі көтеріңкі көңілмен:a163b511c8c56532034812d5a28

–Сау болыңыз, Серікқали мырза! –деп қойды. Жымиды. Жымиятын себебі, құдай қаласа да, қаламаса да бүгін қолына төрт миллион теңге түспек!  «Төрт миллион! Төрт теңге емес, немесе, төрт дамбал емес! Аудиттің басшысы болғаным қандай жақсы! Салық деген–сүлік қой! Бізден ЖШС бастықтары өлердей қорқады! Сүліктей сорамыз! Сореп-сореп, түкіріп тастай салатынымыз да бар!» –деп ойқы-шойқы ойланып отырғанда, өзі шақырған делдалы (аты-жөнін белгілі себептерге байланысты өзгертіп отырмыз.) жын қуғандай жетіп келді. Оқуды жалғастыру

АНТ ЕТЕМІН!

0

Әкімшілік қызметкерлері Петропавл қаласы әкімінің алдында ант беріп жатыр. Жергілікті салық жинау бөлімінің қызметкері Алмас Өтегенов (аты-жөні белгілі себептерге байланысты өзгертілді) ант беріп жатыр:head1

…Мен Алмас Өтегенов Қазақстан республикасының жемқоры, бұдан былай базарлардағы кәсіпкерлерден артық салық жинамауға, өзімді өзім ақша үшін қинамауға, біреуге бірдеңе демеуге, салықтан жиналған ақшадан жемеуге, бастығымның қолын қақпауға, өмір-өзен, бостан босқа ақпауға, қылмыстық қодексті жаттамауға, кісінің ала жібін аттамауға ант етемін, ант етемін!

   Осы бөлімнің тағы бір қызметкері өтірік ант беруге шыдамады ғой деймін, сурылып алға шықты: Оқуды жалғастыру

ОҢБАҒАН ОҢ ҚОЛ…

0

97773002   Иә солай! Қол деген таяқ емес, олай-былай жүре беретін аяқ емес, сумақай қолың болса бітті, көрінген жерде көзің қызып, сызатын жерді «сызып», дегеніңе жетпей, кететін жерден кетпей, быламыққа емес, былыққа белшеңізден бата қаласыз!

    О, Қол! О, сумақай қол! О, ұры қол!  Не деген көзсіз батыр едің? Не деген ақша санағыш, не деген жымысқы жымқырушы едің? Құрттың ғой, Омарованы! Нең бар еді иеңде? Егер бар ғой, классик жазушы Сайын Оқуды жалғастыру

БЕТСІЗ ӘЙЕЛ…

0

 Бетсіз дегенге, беті мүлде жоқ, «бір тегіс екен» деп ойлап қалмаңыздар… Жұртқа қарайтын беті жоқ әйел бөтен планеталықтарды да алдай алады дегенім ғой! Егер бөтен планеталықтар атақты алаяқ Мәдина Даданованың fhgtrhtүйінде шәй ішіп отырса бар ғой, мынадай әңгіме өрбитін еді:

–Даданова сіз ғой?

–Ия, Даданова даген әйелмін.

–Көзіңізде қулық бар сияқты, –деді скафандр киген бөтен планеталық еркек әлі де сеніңкіремей. Оқуды жалғастыру

ЖЕМЕСЕҢ, ЖЕР ТІСТЕ…

0

 –Жемқорлар–вирустар, антвирус–«Нұр Отан» деп айтатындар қатты қателеседі. Қазақстанда соңғы бес жылда бірде бір тірі, ірі шенеунік жемқор қалмады! Біз оларды fhgdfсағынатын болдық! Жемқорлар «қызыл кітапқа» кірді… Тәуелсіз ел бола тұрып, өз жемқорларымыздың жоқтығы–елдігімізге сын…

    Астанада, «Конгресс холда» Дүние жүзі жемқорларының құрылтайы өтіп жатыр. Мінберге шықққан ардагер жемқорлар Оқуды жалғастыру

ӨЛГЕНДЕР «ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ…»

0

 Құдай бетін аулақ етсін, пәле-жала өзімен кетсін, мәселен, сіз өліп қалсаңыз, өлгеннен кейін жұмыс істегіңіз келеді ме? Белгілі балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» деген кітабы да бар ғой. 3D-grafika+skelet+67393040653Қайтыс болып , өзіңізге өзіңіз қайғырып та отыра алмайсыз ғой? 

   «Қолыңнан келсе қақыратып таста» демекші, өлгендерді де жұмысқа алатындар бар сияқты… Көз алдыңызға елестетсеңіз, соның өзі қорқынышты…

–Кешіріңіз, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ма екен? –деп сұрады кабинетке кіріп келген скелет апай. Шенеунік шалқасынан түсе жаздады… Оқуды жалғастыру